16 июля 2023 г. 11:41

561

4 Спойлер Қарғын кітабынан түйгенім

Дулат Исабековтың нақты жазатындығы мен бір нәрсені сипаттау қабілеті ұнады. Гаухартас шығармасы да осындай қысқа да нұсқа, шұбырған көп жазусыз-ақ жүректі тербеп, ойға отын салып кететін туынды еді.

Оқығаның емес, тоқығаның маңызды дейді ғой. Әр кітаптан максимум пайда алғым келеді. Қарғын шығармасынан түйгенім, сезінгенім, өзгерістерім де аз емес. Ең алғашында Бағиланың оқыған, сауатты жігітпен махаббат сапарына жол тартатынына қуандым, кейін оның отбасылы адам екенін естіп көңілім бұзылғанда да, әрі қарай оқығым келмей қалды. Сонда да не болып, енді екеуі не тірлік жасарын білгің келеді ғой..

Жасын есімді кейіпкерден жазушы адамға тән дүниелерді түртіп алдым. Болашақта өз шығармаларыма да осы Жасынның көзімен қарайтын боламын.

Жалпы кітапты оқып бастағалы ойлана беретін екі затым бар. Бірі - екі ғашықтың болашағы, бірі - қалай Жасын мен Бағиладай ойшыл, зерек, танымы жоғары тұлға боламын деген ой. Кітапты көп оқысам осындай өзгеше ойлайтын жандар қатарына қосылар ма екем?

Не істесем де, әйтеуір сондай адам болуға бел байладым.

Негізі өмірде ер мен әйелдің шынайы махаббаты сирек кездеседі деген рас-ау. Отбасы болу үшін сыйластық керек. Махаббатсыз да бір шаңырақ астында тұруға, бала сүюге, бірге қартаюға болады. Бірақ бұл саналы тірлік пе? Меніңше, отбасылы адам некеден кейін махаббатты тек өз отбасынан іздеуге тиіс, өзі қолдан жасаса да құп. Сезім суымастан махаббат гүлін құлпыртуға екі жақты тырысу қос аққудың асыл міндеті емес пе. Ал үйленбеген жан.. Иа, өлгеніңше ізде өз жартыңды! Ізде, күт, күрес, жүрегін жаула.!Бір-бірін құлай сүйген екі кейіпкердің жүрек дерттерінен өзім де бір сәт іштей қиналғаным ғой.
Әйтпесе, маған махаббат туралы әңгіме айту әзірге қылмыс десем де болады

Комментарии

r80-x-green.png

Бұл кітапты оқып болғаныма 1 күн болды. Ішіндегі оқиға қатты ауыр болмаса да, ойландырар жерлері көп екен.
Басты кейіпкерлердің бірі - Жасын ерекше әсер қалдырды. Абьюзивті ара қатынас пен ойындағыны ойланбай, көңіліңе қарамай қойып қалатын, орынсыз салқын бұл кейіпкерден үйренер қасиеттер жоқ емес. Оның ұшқыр ойы мен сөз саптауына, өзін интеллектуалды деңгейде биікке шыққаны ұнады.
Тағы бір басты кейіпкер ол - Бағила. Маған мүлде ұнаған жоқ. Әдебиеттегі жаттанды образдардан қалыптасқан секілді әсер қалдырады. Кейбір жерде Меңтайға да ұқсап кетеді. Әйтеуір суреттен жұлып алғандай сұлу деп айтылатын қазақ әдебиетіндегі үйреншікті ұялшақ, ақылды және "өте өте" сұлу, бірақ тағдыры әрдайым ауыр қыздар мен әйелдердің образы шаршатып жібереді. Бағиладан қарағанда кеміс қыз Мәнсия қызығырақ көрінеді. Өзін өзі ұстауы мен өз өмірінің басқа адамдарға бағынышты екенін біле тұрып, оларға өз мінезін көрсетуден қорықпайды.
Кітаптың сюжеттік жағына келетін болсақ, бұрын кітаптардан байқалмаған ерекшелік бар екені анық. Негізінен ортаға алынған қыз бен жігітің сезімі тек үлкен философиялық ойлардың шымылдырығы екенін байқауға болады. Әрине кейбір жерлері қытығыңа тиіп, қайталанған сөздерді басқаша жеткізетін жерлері ұнамады. Бірақ ондай сәттер көп емес. Мен өзім қазақ әдебиетінен еуропалық ойларды осынша қиыстырып, оған қазақи нышан беріп, сол ойларды өзіңе жақын етіп алатының-жазушының керемет шеберлігінің дәлелі. Тек аяқталуы түсініксіз және сұрақтардың астында қалдырды. Мүмкін осылай аяқталғаны ең дұрыс вариант болған шығар. Оқырманның өзі керегін түйіп алар деп оны өз ойларының қасында оңаша қалдырып кетуі.

0 06 апреля