ОглавлениеНазадВпередНастройки
Добавить цитату

Қателіктер мен күнәлар

Қателіктер мен күнәларды жасаудан қорқасыз ба? Көптеген адамдар қателіктер жіберуден қорқады, кейде адамдар ғана емес, сонымен қатар бүкіл үкіметтер. Бірде Мен Уганда Үкіметінің ауа-райы болжамын радио арқылы таратуға тыйым салғанын оқыдым. Байырғы жергілікті тұрғындар метеорологиялық есептерді, мәліметтерді үкімет қаулылары, жарлықтары деп қателесіп және ауа райына толық бағынып, табынып кеткен. Болжам (ауа-райы) дәл емес, қате болып шыққан кезде, олар ауа-райын да айыптайтын, үкіметті де айыптайтын, және соның кесірінен халық радиода айтылғанның бәріне сенуді тоқтатты. Олар айтатын, бұл үкіметтің бәрі өтірік, ауа райы болжамы сияқты.

Уганда үкіметі бұл жағдайдан шығудың оңай жолын тапты. Олар жай ғана ауа-райы болжамын радио арқылы жіберуге тыйым салды. Бірақ мен бұл шынымен дұрыс және әділ шешім болғанына күмәнім бар. Ал сіз қалай ойлайсыз? Дегенмен бұл Уганда үкіметінің жіберген қателігі еді…

Біз қателіктер жібергендіктен немесе жіберу мүмкін болғандықтан әрекетті тоқтатудың мәні неде немесе күнә жасап қойғаннан өзіңді, өмірді жек көрудің мәні неде? Біз ештеңеге қол жеткізе алмас едік, егер біз әр бастаған істі тоқтата беретін болсақ, кем дегенде бір рет қате жіберсек те, солай емес пе? Біз өзімізді, өмірді сүюді үйренбес едік, егер де күнәдан кейінгі сабақты алып, сынаққа тап болмасақ, солай емес пе? Әрине бұның бәрін болдырмауға болады, бұл ең дұрыс жол. Бірақ бұл мүмкін бе?

Кішкентай бала кезіңізде сіз бірінші рет сүрініп, еденге құлап, «бұл толық сәтсіздік» деп ойладыңыз делік. Ештеңе етпейді». Мүмкін сіз сүрінбесеңіз жүруді ешқашан үйренбеген болар ма едіңіз. Қарапайым арифметикалық (математиканың сандарды зерттейтін саласы) мысалда алғашқы қателікті жібергеннен кейін сіз арифметиканы толығымен тастайсыз делік, онда сіз ешқашан ақшаны санауды, дүкендерден заттарды сатып алуды және т. б. үйренбейтін едіңіз.

Менің ойымша, қателесу қабілеті біздің өмірлік тәжірибеміздің маңызды бөлігі болып табылады және егер біз қателік жасаудан қорқатын болсақ және сол қорқыныштың кесірінен одан қашатын болсақ, онда біз біртіндеп өмірдегі барлық жақсы және пайдалы нәрселерден айырыламыз. Әрине, сіз бұл дәлелді абсурдқа (мағынасыз сандырақ) дейін жеткізе аласыз. Егер біз өз қателіктерімізден сабақ ала білетін болсақ, онда көп қателіктер жіберуден қорықпау керек, өйткені қателіктер неғұрлым көп болса, соғұрлым көп нәрсені үйренеміз. Мен мұндай дәлелді жалғастыруды, кеңес ретінде қабылдауды ұсынбаймын, мен жай ғана былай деймін: сіздің қателесуге құқығыңыз бар, қателік пен күнәсіз адам толық бақытты бола алмайды, бұны жоққа шығару – надандық.

Бұрын қандай қателіктер жасасаңыз да, олар сіздің тәжірибеңіздің маңызды бөлігіне айналды. Оларды миыңызды қозғау және өмірді қайтадан бастау мүмкіндігі ретінде пайдаланыңыз: бірінші рет сәтсіздікке ұшырағаныңыз үшін қалаған арман-мақсаттан бас тартпаңыз және бастағаныңызды тоқтатпаңыз, берілмеңіз. Сіздің өміріңіздегі кез-келген қателік сіздің қазіргі түсініңігіңізді қалыптастырды. Қателеріңізге батаңызды беріңіз, олар сізді адам қылды. Олардың тәлім-тәрбиесі үшін рахмет айтыңыз. Есіңізде болсын: қателік пен күнәнің басты мақсаты сіздің миыңызды қозғау және жаңа өмір бастауға тағы бір мүмкіндік беру.

Әрине, сіз менің кітабымды оқығаннан кейін де қателіктер жібересіз, бірақ сіз әрқайсысында үйренесіз, тәжірибе аласыз.

Пешенеге жазылған, қайтпайтын, тойтарылмас, жеңуге келмейтін қателіктер мен күнәлар болмайды, егер де сіз оларға өзіңіз ондай мүмкіндік бермесеңіз. Қайталана беретін қателіктер мен күнәлар болмайды, егер де сіз оған өзіңіз жол бермесеңіз. Сіз фатализмға (тағдырмен шешілгенге) құл болмайсыз, егер ақиқатқа сай өз тағдырыңызды өзіңіз жаза білсеңіз.